KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Бір донордың ағзасы үш адамға ауыстырылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

10.03.2024, 21:00 146 Назерке Каримова

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша, Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиациямен Павлодар облысына жеткізілген.

Сонымен қатар, Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

- Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған, - деп хабарлады министрлік. - Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді.


Бүгінгі күні оның жағдайы жақсы, реципиент палатаға ауыстырылған. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.

Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив