KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ӘЧ: Қазақстандық спортшы шорт-тректен тарихи жүлде иеленді

Спортты дамыту дирекциясы

17.03.2024, 19:00 281 Назерке Каримова

15-17 наурыз аралығында Роттердамда (Нидерланд) шорт-тректен әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде отандасымыз Денис Никиша күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы ақпаратына сүйенсек, бұл еліміздің тарихындағы ересектер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы медалі.

Қазақстандық Денис Никиша 500 метр қашықтығында бақ сынап, мәреге екінші болып жетті.

28 жастағы отандасымыз былтыр Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында 4-орынға табан тіреген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив