KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Қазақстанда асық спорты халықаралық федерациясы ашылды

Фото: bassport.kz

18.03.2024, 15:46 106 Ынтымақ Толқын

Елімізде асық спорты халықаралық федерациясы ашылды.
Ұйымның президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков сайланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Федерация 12 наурызда Астанада тіркелді. Асық спорты федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір федерацияға мүшелікке кіруге Түркия, Румыния, Моңғолия, Саха Республикасы (РФ) және Қырғызстан өтініш берген. Биыл Мажарстан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасын және Испанияны мүшелікке алу жоспарланып отыр. 
Айта кетелік, ел бойынша Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық аймақта асық спортынан командалар бар және жұмысы жолға қойылған екен.  Бүгінде асық атудан 1122 жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 84-і - штаттағы жаттықтырушылар. Асық ату спортымен елімізде 89 432 спортшы жүйелі түрде айналысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив