KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Жолдағы 10 мың шұңқыр тегістелмек – Өскемен

26.03.2024, 16:41 155 Ынтымақ Толқын

Өскеменде «100 күнде 10 мың шұңқыр» жобасы басталады.
Қала тұрғындары ертеңнен бастап жолдағы шұңқырларды жөндеуге өтініш қалдыра алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталмыш бағдарлама аясында биыл 10 мың шұңқыр жөнделмек. Бағдарламаға қала тұрғындарының белсене қатысуына мүмкіндік бар. Өтінімді жіберу үшін орналасқан жерді көрсетіп, шұңқырға жақын бірнеше фотосуреттер түсіру керек. 

-    Былтыр осы бағдарлама аясында барлығы 936 өтініш түскен. Оның 843-і қабылданып, 5628 шұңқырға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ал қалған өтініштер дұрыс берілмегендіктен қабылданбаған. Кейбірінде мекен-жайы дұрыс көрсетілмесе, енді бірінде кері байланыс нөмірлері жоқ болып шықты. Ал ондай жағдайда Telegram-бот оны автоматты түрде қабылдамайды. Сондықтан тұрғындар өтініш берген кезде мұқият болғаны жөн. Биыл да осы жоба жалғасын тауып отыр. Ертең өтініш қабылдауды бастаймыз, - дейді ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абзал Асқарұлы.

Айта кетелік, боттың мекен-жайы – @oskemen_bot.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив