KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СШ
510.18 601.91 6.51

«100 күнде 10 мың шұңқыр» жобасына өтінішті қалай береміз?

26.03.2024, 17:10 338 Ынтымақ Толқын

Өскемен қаласының тұрғындары «100 күнде 10 мың шұңқыр» жобасына арнайы бағдарламаның және Telegram чат-боттың көмегімен қатыса алады.
Бағдарлама андроид және IOS платформаларында қолжетімді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бағдарламаны іске қосу шарттары былтырғыдай:
-    шұңқыр 70 метр радиуста болуы керек;
-    мекен-жайды дұрыс белгілеу;
-    аты-жөні мен кері байланыс нөмірін жазу;
-    шұңқырдың фотосуретін түсіру;
-    шұңқырдың орналасқан жері туралы қысқаша ақарат беру. 
Айта кетелік, бір өтінімде 10 шұңқырға дейін қабылданады. Digital east бағдарламасы және Oskemen_bot чат-боты арқылы өңдеуден өткен өтініштер қабылданғаннан кейін ауа райының қолайлылығына байланысты бір немесе үш күн ішінде жөнделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу