KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
507.05 594.82 6.51

Қазақстандықтар Римге әуе қатынасының ашылуын күтіп жүр

2.04.2024, 18:31 278 Айна Ескенқызы

Жаз айларында саяхаттауды алдын ала жоспарлағысы келетін қазақстандықтар Римге әуе қатынасының ашылуын күтіп жүр. 
Италия астанасына ұшақтардың ұшатын-ұшпайтыны туралы сауалға Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

-    2024 жылы итальяндық «NEOS»  авиакомпаниясы Қазақстанға Римнен, Миланнан әуе қатынасын ашуды қарастыруда, - делінген  Азаматтық авиация комитетінің жауабында.

Сондай-ақ қазақстандық авиакомпаниялар тарапынан Италия мен Испания астаналарына әуе қатынасын ашу әзірге жоспарда жоқ екені хабарланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу