KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Ермекбайдың қобызын ел біле ме?

12.01.2024, 17:07 146 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан өңірі ежелгі өркениет пен мәдениеттің қазыналы алтын сандығы іспетті. Оған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер мен ел ішінде сақталған байырғы мұралар дәлел.

Байырғы музыкалық мұраны бүгінге дейін жеткізген аспаптардың бірі – қобыз. Осындай көне қобыздардың бірі Ұлан ауданына қарасты Ақжартас ауылы (бұрынғы Екатериновка) маңындағы үңгірден табылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысына тиесілі музыкалық аспап – ШҚО өңірінен табылған Ермекбайдың қобызы. Өңір тұрғындарының айтуы бойынша ол, қазан төңкерісінен кейін бақсының қобызы жоғалып кеткен. Сол бір дүрбелең жылдары ескіліктің қалдығымен белсенді күрес жүргізілгені жасырын емес. Кейін үңгірден табылған қобызды Екатериновка ауылының тұрғыны Рахымжанова Мақпуза  45 жыл бойы ұқыптап сақтап келіп,  оны тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартқан. Музейдегі қобызға қазақ музыкалық аспаптарының жіктелуін құрастырған қазақ халқының музыкалық мәдениетін жинаушы және зерттеуші Болат Сарыбаев ғылыми тұрғыдан сипаттама жасаған. Оның анықтауы бойынша, Ермекбайдың қобызы – XIX ғасырдың II жартысында жасалған, қылқобыздың көне, бірегей түрлерінің бірі екендігі анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив