KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

«ROBOTEX KAZAKHSTAN – 2024»: Өскемендік оқушылар үздік бестіктен көрінді

4.04.2024, 09:00 135 Ынтымақ Толқын

«ROBOTEX KAZAKHSTAN – 2024» байқауында өскемендік оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен робот техникасының білгірлері жиналған. Өскеменнің «Жігер» командасы 240 командамен бәсекеге түсіп, үздік бестіктен көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Астанада өткен жарысқа екі оқушымды алып бардым. Олар жарысты қарқынды бастады. Бірінші кезеңде екінші орында тұрған едік. Екінші кезеңде бесінші орынға төмендеп кеттік. Бұл сайыста шәкірттерім мол тәжірибе жинақтады. Еліміздің болашағы да осы саламен тікелей байланысты деп ойлаймын. Сондықтан әлемдік үрдістен қалмауға тиіспіз, – дейді робот техникасынан қосымша білім беру саласының мұғалімі Алмаз Жәкішев.

Айта кетейік, елордада өткен жарыстың үздіктері Түркияда өтетін «ROBOTEX TURKIYE – 2024» атты әлем чемпионатына жолдама алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив