Үш мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды - ШҚО
Фото: ШҚО кәсіпкерлер палатасы
Бұл туралы облыс прокуратурасында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев, директордың орынбасары Әлия Мұқашева, сондай-ақ полиция, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс прокуроры Алмат Байшолақовтың айтуынша, кәсіпкерлерді қорғау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Отырыстың негізгі тақырыбы – бизнес мүдделеріне қатысты және кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғатын, полиция органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шараларды талдау нәтижелері болды.
Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Жандос Қоңыровтың айтуынша, облыстық полиция департаментінің мәліметтері бойынша 2023-2024 жылдары аймағымызда бірнеше кезеңде алты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде 100-ден астам бизнес субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Дегенмен, кемшіліктерге қарамастан, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі маңызды болып қала береді.
Айта кету керек, кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелерін жедел назарға алу үшін тәулік бойы Call-орталықтар жұмыс істейді.