KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскемендегі мемлекеттік орган кәсіпкерді жауапкершілікке заңсыз тартқан

Фото: egemen.kz

11.09.2023, 10:12 260

ШҚО Прокуратурасы уақыты өтіп кеткен құқық бұзу дерегі үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегін анықтады.

Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің дерегінше, құқық бұзушылық дерегі тек 2 жылдан астам уақыттан кейін анықталған.

ӘҚБтК 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық істелген кезден екі ай өткен соң тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Өскемен қаласының прокуратурасы осы жайтты ескере отырып мемлекеттік кіріс органы шығарған қаулының күшін жоюды талап еткен арыз түсірген. ШҚО Прокуратурасының дерегінше, арыз қанағаттандырылып, кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.

Кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды, олар қатысты да талап-арыз түсіріліп, бүгінгі таңда 19 арыз қанағаттандырылды.

Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу