KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері 107 кәсіпкердің құқығы қорғалды – ШҚО

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 21:36 196

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірде кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған жобаны іске қосқан. 
Осы жоба аясында келіп түскен өтініштер шеңберінде 107 кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Жобаны іске асырудағы мақсат – әкімшілік кедергілерден, құжат рәсімдеу кезіндегі қағазбастылықтан өту, мемлекеттік қызметкерлер қабылдайтын шешімнің мерзімінің сақталуы мен жариялылықты қамтамасыз ету. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоба шеңберінде жер рәсімдеу, рұқсат алу, коммуникацияларға қосылу, грант, субсидия сынды мемлекет қолдауын алу кезінде кәсіпкерлердің алдынан шығатын мәселелерді шешумен айналысып келеді. 
Кәсіп өкілдерінің қандай да бір өтініштері мен ұсыныстары әлеуметтік желіде және 1424 Call-орталығы арқылы қабылданады. 
Осы уақытқа дейін өтініш бойынша 107 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 
Сондай өтініштің бірі бойынша жер мәселесі шешіліп, шаруа қожалығы әділдікке қол жеткізді. Алтай ауданында шаруа қожалықтарының жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштері автоматты түрде ұзартылуға жататынына қарамастан Жер комиссиясының қарауына жіберілген еді. Департаменттің бақылауымен 3 қожалықтың жер учаскелерін пайдалану құқығы 10 жылға ұзартылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу