KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Орыс тілді балабақшаларда қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы әзірленеді

шартты сурет: depositphotos.com

11.04.2024, 18:00 128 Айжанат Бақытқызы

Балаларды орыс және өзге тілдерде оқытатын балабақшалар мен өзге де мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілінің тереңдетілген бағдарламалары енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жаңа жобасында жазылған. 

Жобаға сәйкес, балабақша тәрбиеленушілері күн сайын өзінің қазақ тілі сөздігін байытып отыруы тиіс. 

«Бұл балалардың ерте жастан қазақ тіліндегі сөздер мен тұтас сөз тіркестерін сөйлегенде қолдануына мүмкіндік береді. Балалар қазақша тек түсініп қана қоймай, оның әуезділігіне де үйренуі тиіс. Тілмен бірге балалар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін де меңгереді. Осылайша, бағдарлама кішкентай азаматтарымыздың қазақстандық бірегейлігін қалыптастырады», – делінген тұжырымдама жобасында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив