KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

«Жайлы мектеп»: ШҚО-да 20 білім ордасы салынады

22.12.2022, 16:30 438 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі білім беруді қолжетімді және оның сапасын арттыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірде балабақшалар жеткілікті, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен 100% қамтылған.

2025 жылға дейін облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 20 жаңа білім ордасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көптілді білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – қазіргі заманның үрдісі, соның арқасында балалар бәсекеге қабілетті болып, жаңа білім көздерін ашады.

Биыл орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқыту сапасын арттыру басымдыққа ие болды. Сол үшін 400 мұғалім курстық даярлықтан өтті.

Ауызекі қолданыстағы қазақ тілінің деңгейін арттыру үшін тілдік ортаға толық еніп, ана тілінде сөйлейтіндердің отбасыларында тұратын жазғы тақырыптық лагерьлер ұйымдастыру жоспарланған.

Талапкерлер үшін облыстың жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсу мүмкіндіктері кеңейтілуде. Жыл сайын гранттар саны облыстық бюджет есебінен 10%-ға артады. Өзге қала-аудандардан келген студенттерге жайлы жағдай жасалып, жатақханалар салынып жатыр.

Қосымша білім беру – балаларды дамытудың тиімді құралы. Оқушылар облыстың спорттық және мәдени іс-шараларына белсенді қатысады.

Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық бала тегін спорт секцияларына қатысады. Осы жылдың сәуір айында аймақта үстел теннисі орталығы іске қосылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив