Қазақстанда корпоративтік балабақшалар ашылмақ
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда ірі компаниялардың жанынан ведомстволық немесе корпоративтік балабақшалар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Мұндай өзгеріс Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілмек.
Оқу-ағарту министрлігінің жоспарынша, корпоративтік балабақшалар ашуда әлемдік Google, Apple сынды компанияларының үлгісін алуға болады.
Корпоративтік балабақша ірі компаниялардың кеңселерінде немесе кеңселерінің жанынан ашылады. Қызметкерлер балаларын мұндай орталықтарға бірнеше сағатқа не бір күнге қалдыруына болады.
Мемлекет бұл ретте компанияларға корпоративтік балабақша ашуда қолдау көрсетеді.