Тасқыннан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтиханнан босатылады
фото: kazlenta.kz
Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте бейінді министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.
Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды:
бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі;
орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады («Дарын», РФММ, БИЛ және НЗМ);
жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.