ШҚО-дағы су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр
t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі елдің су қоймаларындағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Министрлік ақпараты бойынша, еліміздің су қоймаларындағы казіргі су ағыны 1980 - жылдан бастап ең ірі болып табылады.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 95%-ды құрайды. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, су ағынының азаюы байқалады.
Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 62%, олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 59%-ға толы және штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қарағанды облысының төрт ірі су қоймасы бойынша су жинау көрсеткіші 98%. Өңірде су тасқыны кезеңі өтті.
Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы орта есеппен 95%-ға толды. Аймақта су тасқыны байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% толды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық нысандардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасуда.