80 білім беру ұйымында оқу онлайн өтіп жатыр
pexels.com
Оның ішінде 55 мектепте эвакуациялық пункт орналасқан.
Оқу-ағарту министрлігі өңірлердегі жағдайға тұрақты түрде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі министрліктің ресми өкілі Мереке Нұрмұханованың ОКҚ брифингіндегі ақпаратына сүйеніп.
Министрлік өкілдері республикалық және өңірлік жедел штабтардың құрамында жұмыс жасауда. Жедел ақпаратқа сәйкес, бүгінде 80 білім беру ұйымдарында оқу онлайн форматында жүргізілуде. Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Нұрмұханова ОКҚ брифингінде хабарлады.