KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Көркем еңбек кабинеті ашылды – Зайсан ауданы

24.04.2024, 17:00 50 Қызырбек Дүргінбайұлы

Мектеп білім мен ғылымның алтын ұясы һәм алғашқы баспалдағы. Сондықтан да ғылымға құмар жастардың қатарын көбейту үшін білім мекемелерінде жабдықталған, арнайы кабинеттердің болуы маңызды.

Соңғы жылдары ел мектептерінде заманға сай жабдықталған кабинеттердің саны артып келеді. Жуықта Зайсан ауданындағы мектептердің бірінде көркем еңбек кабинеті ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Нақтыласақ, М.Ломоносов атындағы орта мектепте ардагер ұстаз Майра Файзрахманқызы атындағы көркем еңбек кабинеті ашылды.

– Ардагер ұстаздың соңындағы ұрпағы бастама көтеріп, кабинетті заман талабына сай жабдықтап берді. Атаулы кабинеттің лентасын мектепте талай жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан ұстаздар қиды. Жалпы ауданымызда 70-тен астам атаулы кабинет ашылған, – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.

Іс-шараға қатысқан көпшілік «Өмірін өнерімен өрнектеген» деп аталған қолөнер көрмесін тамашалады. Сондай-ақ қолөнер шеберлері арасында аудандық байқау өтіп, жеңімпаздар сыйақымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив