KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Бүгін Өскеменге Қорғаныс министрі келді

27.04.2019, 06:36 147

Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасында Жүрсінғали Ахмеровке арналған цифрлы гуманитаристика оқу кабинеті ашылды. Салтанатты шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиын басталмас бұрын Нұрлан Ермекбаев аталмыш университеттің мұражайын тамашалап, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген шығысқазақстандық ғалымдар мен студенттердің жұмысына оң бағасын берді. Бұдан соң Қорғаныс министрі ұлағатты ұстаз Жүрсінғали Ахмеровке арналған кабинеттің ашылу салтанатына қатысып, жылы лебізін білдірді.

– Құрметті қонақтар! Бүгін, міне 67 жылдық тарихы бар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тарих саласына үлкен еңбек сіңірген аяулы ұстаз Жүрсінғали Ахмеровке арналған кабинет ашылып отыр. Меніңше, бұл шараның тәрбиелік мәні зор. Өйткені,Елбасымыз айтқандай өз тарихын білетін, мақтан ететін халықтың болашағы зор, - деді Нұрлан Ермекбаев.

Салтанатты шара соңы конференцияға ұласты. Оған Жүрсінғали Ахмеровтің туған-туыстары мен әріптестері, сондай-ақ шәкірттері қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив