Өскеменде отандық өнім шығарып отырған отбасы бар
Облыс орталығында отандық өніммен аймақ нарығына жол салған отбасы бар. Ольга Старцева басшылық ететін «Ясна» цехының тауарларына бүгінде сұраныс жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұнда қазіргі уақытта құрт, ірімшік, үй қаймағы мен сүзбе секілді өнімдер өндіріледі. Кәсіп иесі өнімдерді қаладағы сауда орталықтары арқылы сатылымға шығарады. Жұмыс жолға қойлған, тек енді ғимаратты жалға алу мәселесі қиындық туғызып отырған көрінеді.
– Сүт өнімдерін өндіру менің арманым еді, сол арманды отбасымызбен бірге орындап жатырмыз. Өнімдеріміздің көбі «Дос-Нар» базары арқылы сатылымға шығады. Бізді қолдап отырған базар басшылығына ризамыз. Жұмысымыздың жанданып кетуіне қала әкімдігі көп қолдау көрсетті. Ендігі мәселе, біз отырған ғимараттың жалға алу ақысы қымбат болып отыр, – дейді цех басшысы Ольга Старцева.
Отандық өнім өндірушілермен тілдескен қала әкімі Жақсылық Омар жауапты мамандармен ақылдаса отырып, өндіріске ыңғайлы орын тауып беру жағын қарастыратынын айтты.
Оқи отырыңыз