KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Өскеменде «Бауырсақ» ұны өндіріледі

pexels.com

18.02.2024, 09:00 199 Назерке Каримова

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Соның бірі – Меновной шағын ауданында орналасқан ұн тарту диірмені, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұн тарту комбинатының басқарушысы Дулат Жеңісхановтың айтуынша, өндіріс орнының ресми ашылуы 22 наурызға қарай жоспарланып отыр.

Қазір монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, ашылуға дайындық жүріп жатыр.

Комбинат тәулік бойы жұмыс істеген жағдайда 40 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Диірменнің техникалық қуаты тәулігіне 60 тонна бидай өңдеуге жетеді. Одан 45 тонна ұн, 15 тонна кебек-жем шығады. Бұдан бөлек ұнтақ жармасы да (манная крупа) өндіріледі.

Су жаңа отандық өнімнің атауы – «Бауырсақ» ұны. Құнарландырылған, наубайханалық бидай ұны бірінші және жоғары сұрыпты. Ұнның сапасы, әрине, бидайдың сапасына байланысты. Сондықтан сапалы бидай жергілікті шаруалардан алынбақ. 

– «Normal Work» ЖШС базасында қаламызға керекті тағы бір өндіріс орны ашылады. Айдын Иманмәдиұлы бастаған кәсіпкер азаматтар өз қаражатына осындай маңызды істі қолға алып отыр. Қазірдің өзінде салынған инвестиция көлемі 400 миллион теңгеге жуық. Оның ішінде 300 миллионға Түркиядан арнайы құрал-жабдықтар алынған. Ал қалған 100 миллион теңгеге комбинат ғимараты мен ұн, бидай сақтайтын қоймалар жабдықталған. Біздің міндетіміз – отандық өндіріс орнын ашып отырған осындай кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.


 

                                                                                      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу