Есірткі өндірумен айналысқан азаматтар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: depositphotos.com
Жазаны күшейту туралы заң жобасын мәжіліс депутаттары талқыға салып, бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда биыл есірткі өндірумен айналысқан 31 заңсыз зертхана анықталған. Онда 10 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленген.
Мәжілісмендер қылмыстың бұл түрі жылдан жылға белең алып бара жатқанын айтады.
Есірткі жасап шығаратындар мен тасымалдайтындарға қатысты жазаны күшейту маңызды.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа құжатта есірткі өндіру әрекеті есірткі қылмысының аса қауіпті түріне теңестірілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, депутаттар дәріханаларда күмәнді препараттар ашық сатылып жатқанын айтып, заң жобасы аясында синтетикалық есірткімен күрес әдісі де өзгеретінін жеткізді.