ШҚО-да синтетикалық есірткі көбейіп барады
Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі көбейіп барады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әсет Өтепов мәлімдеді. Мәселен өткен жылы тәртіп сақшылары «скорость» (амфетамин) деп аталатын 899 грамм затты тәркілеген. Ал осы жылдың 9 айында дәл осы есірткі затының 3,7 келісі табылды.
Сондай-ақ маманның айтуынша, бүгінге дейін 222 келі (2019 жылы 253 келі) түрлі есірткі заттары тәркіленген. Алты бірдей есірткі жеткізуші арна жабылыпты. Жыл басынан бері 170 есірткі қылмысы, оның ішінде 141 есірткі өткізу фактісі анықталды.
Оқи отырыңыз