KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Зейнетақы жинағына салық салына ма?

фото: qazaqstan.tv

4.05.2024, 12:46 92 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандықтардың зейнетақысы жеке табыс салығынан  босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

«Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылады (жеке табыс салығы бойынша шығын сомасы 4,1 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққандарды және мұрагерлік жолмен алғандарды қоспағанда», - делінген Бектеновтың жауабында.

Бұл ұсыныс жаңа Салық кодексінде көрініс табады. Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тақиев заң жобасын 15 мамырдан кешіктірмей Мәжіліске енгізу керектігін мәлімдеген болатын.

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай зейнетақы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері кіріс болып есептеледі және оған 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив