Шекара маңындағы облыстардың әкімдері ҚХР делегациясымен кездесті
Алматы қаласында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары әкімдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамыту, су үнемдеу технологияларын пайдалану, тау-кен өнеркәсібі мен туризмді дамыту бойынша және ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. ҚХР өкілдері еліміздегі баламалы энергия көздерін дамытуға өз көмегін тигізуге әзір екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, екі ел студенттері арасындағы академиялық алмасу және мәдениет саласындағы серіктестік мәселесі талқыланды.