Оңтүстік тұрғындары Марқакөлге қоныстанбақ (видео)
Оңтүстік өңірден арнайы сапармен келген отызға жуық тұрғын жаңа аудан – Марқакөлді аралап көрді.
Аудан орталығында өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысып, жұмыс берушілермен келісімшарт та жасасып үлгерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Марқакөлдегі меймандос жұртшылық көшіп келуге ниетті қонақтарды ақ шашумен қарсы алды. Ақбұлаққа ат басын тіреген азаматтарға ауыл-аймақтың жайы таныстырылды.
Кәсіпкер бірқатар бос үйге өзі жөндеу жүргізгенін айтты. Осыдан кейін Марқакөл ауданының орталығына барған оңтүстік аймақтың тұрғындары барлық елді мекендегі бос жұмыс орындары туралы толық мағлұмат алды. Көпшілігі көшіп келуге бел буды.