Күршімде әлеуметтік маңызы бар қандай нысандар салынады?
Фото: egemen.kz
Биыл Күршім ауданының 5 ауылында медициналық пункт салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде аудандағы 5 ауылдық елді мекенде медициналық пункт салу жоспарланып отыр. Ол тізімде Ақжайлау, Ұрынқай, Аманат, Жолнұсқау, Маралды ауылдары бар.
Бұдан бөлек, Тақыр және Жаңаауыл ауылдарында офтейк-келісімшарт бойынша медициналық пункт ғимаратының құрылысы жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер ұйым анықталып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
Сонымен қатар Күршім ауылындағы «Қазақ елі» паркінде, №1 Марқакөл орта мектебінің және балабақшаның ғимаратында жөндеу жүргізіледі.