Өскемен: Бір тәулікте 73 текше метр қоқыс шығарылды
Облыс орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында басталған жұмыстар жалғасып жатыр. Қаладағы коммуналдық қызмет өкілдері бір тәулік ішінде 12 аумақты тазалап, 73 текше метр қоқыс шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандар тұрғындарды рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төкпеуге шақырды. 27 мамырда рұқсат етілмеген 12 аумақтан 73 текше метр қоқыс жиналған.
Коммуналдық қызмет өкілдері ірі тұрмыстық қалдықтарды тұрғындардың өздері шығаруға тиіс екенін еске салды.
Айта кетейік, қала бойында осыған дейін 432 аумақ тазаланып, 3575 текше метр қоқыс шығарылды.
Оқи отырыңыз