Өскеменнен Алакөлге дейін пойыз жүре бастады
Фото: Турар Казангапов
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Алакөлге дейін 1 маусым мен 31 тамыз аралығында №459/460 «Өскемен-1 - Жалаңашкөл – Достық» жолаушылар пойызы қатынайтын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, Өскемен-1 теміржол вокзалынан пойыз тақ сан күндері 15 сағат 55 минутта жөнелтіліп, келесі күні Жалаңашкөл станциясына 9 сағат 40 минутта келеді.
Жалаңашкөл станциясынан жұп сан күндері сағат 14:56-да шығып, Өскемен-1 теміржол вокзалына келесі күні сағат 9:10-да жетеді.
Пойыздың құрамы 2 купе және 5 плацкарт вагондарынан құралған.
Купе вагонына билет құны 6953 теңге, плацкарт вагонына 4776 теңгені құрайды.
Билеттерді ресми сатылым нүктелерінде, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ www.bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.