KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталды

Фото: vera.kz

3.06.2024, 21:21 134 Айжанат Бақытқызы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 1 маусымнан 8 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Тіркелу кезінде талапкер тестілеуді тапсыру қаласын өзі таңдайды.

Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.

Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 13 шілдеде қолжетімді болады.

Магистратураға түсушілер 13 мыңға жуық білім грантына үміткер бола алады. 

Гранттар тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив