KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Жаңа оқу жылының демалыс күндері белгіленді

фото: depositphotos.com

4.06.2024, 22:41 129

Жаңа оқу жылы 34 аптаға созылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес Қазақстандағы келесі оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында); 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусым аралығында.

Құжат 18 маусымға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив