Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған форум өтті
Қаржы мониторингі агенттігінің ұйымдастыруымен «АФМ оnline 2024» ресупбликалық форумы өтті. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған форумға бес бірдей министрлік өкілдері, танымал блогерлер және еліміздегі 35 жетекші жоғары оқу орнының студенттері онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алаяқтықтың алдын алып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған форумда спикерлерлер көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Ал бейінді министрлік өкілдері алаяқтықпен қоғам болып күресу керектігін атап өтті.
Бірнеше сағатқа созылған форум барысында «Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады?», «Қаржы пирамидаларының белгілері қандай?», «Қаржы пирамидалары мен инвестициялық алаяқтықтың алдын алу себептері мен әдістері», «Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін жаза қолданылады?» деген тақырыптар бойынша баяндама жасалды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да онлайн форматта өткен форумға жергілікті әкімшілік өкілдері, журналистер мен блогерлер және студенттер қатысты.
Форум барысында интернет алаяқтықтың илеуіне түсіп, жақсы жарнаманың құрбанына айналған жандардың көптеген сауалдарына жауап айтылды.