ШҚТУ студенттері қаржылық сауаттарын арттырды
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қаржылық сауаттылық апталығы аяқталды.
Университетте Halyk және Jusan банктерімен бірлесіп студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар кешені өткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жалпы «қаржылық сауаттылық» ұғымы валюта нарығының, бағалы қағаздардың немесе экономика процестерінің нюанстарын білу емес. Ең алдымен, бұл – өз ақшаңызды сауатты басқару, ақылға қонымды қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті білім, хабардарлық пен дағдылардың үйлесімі. Мұндай білім бәріне қажет және оны неғұрлым тезірек алып, қолдана бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Сондықтан ШҚТУ басшылығы Halyk және Jusan банктерімен бірлесіп, ЖОО-ның барлық студенттері үшін қаржылық сауаттылық апталығын ұйымдастырды.
Банк өкілдері жас талапкерлерге мынадай нюанстар туралы айтып берді: техникалық құрамдас бөлік – қаржы ұйымдарының мобильді қосымшалары, интернет-банкинг, кибер алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық сауаттылық – қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде құқықтарды білу, қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарда не нәрсеге назар аудару керектігін білу, қандай заңнама білімі пайдалы болуы мүмкін, қаржылық жоспарлау – жеке қаржыны қалай жүргізу, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару.
Сонымен қатар банк өкілдері QR-кодтары, дебеттік карта немесе қолма-қол ақша арқылы төлем айырмашылығы неде екенін түсіндіріп, студенттерге естелік кәдесыйлар табыс етті.