KZ
Өскемен
дымка жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Қаржылық сауаттылығын арттырған тұрғындарға сертификат табысталды – ШҚО

29.02.2024, 11:57 179 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 450-ден астам адам қаржылық сауатталығын арттырды.  Жыл соңына дейін облыс бойынша 6500-ге жуық тұрғынды тегін оқыту жоспарланып отыр.

Алғашқылардың бірі болып өз біліктілігін арттырған өңір тұрғындарына "АMANAT" партиясының ШҚО филиалының басшысы Сайрангүл Жұмаділова арнайы сертификат тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша AMANAT партиясының бастамасымен 5 ақпаннан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы бастау алды. Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған оқу 3 апта бойы Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Глубокое аудандарында өткізілді. Бүгінде 450-ден астам курсты аяқтады. Жыл соңына дейін 6500-ге жуық тұрғынды оқыту жоспарда бар. Біздің қоғам қарызсыз өмір сүруі керек, - дейді "АMANAT" партиясының ШҚО филиалының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Курсқа қатысушылар бір айға жуық уақытта жалпы бағдарлама бойынша білімдерін арттырып, мамандардан қолданыстағы қаржы құралдары, бағдарламалар, несиелер мен гранттар туралы кеңес алды.

- Өзіміз білмеген құнды ақпараттар алуға мүмкіндік болды. Барлық тұрғындарды, әсіресе жастарды осындай жобаларға белсене қатысуға шақырғым келеді. Себебі қаржылық сауаттылығымыздың төмендігінен зардап шегуіміз әбден мүмкін. Осындай тегін курстан лайықты білім алғаныма қуаныштымын, - дейді Эльвира Қожасейітова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар үшін арнайы сайт құрылған. Ол жерден курсты аяқтағаннан кейін де мазалаған сұрақтарына жауап алып, қажетті ақпараттармен танысуға болады.

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу