KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Өскемен қаласында қымызмұрындық дәстүрі өтті

7.06.2024, 15:15 158 Қызырбек Дүргінбайұлы

Алтайға жадырап жаз келіп, атыраптағы жұрт желіге құлын байлады. Қасым Қайсенов атындағы саябаққа жиналған қала тұрғындары қымызмұрындық дәстүрін дәріптеп, уыз қымыздан дәм татып қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байырғы игі дәстүрдің бірі – қымызмұрындық. Көшпенді жұрт көктемгі уыз қымызды ішіп қымызмұрындық өткізіп, күзгі бал қымызды ішіп сірге жияр жасаған.

– Қымызмұрындық - баяғыдан салт-дәстүрімізде бар үрдіс. Жылқышы жұрт ауылдың үлкендері мен көрші-қолаңды жинап алғашқы қымызды ақсақалдардың батасымен ішеді. Осы бір дәстүрді ұрпаққа дәріптеу мақсатында қала тұрғындарына арнап қымызмұрындық өткізіп отырмыз, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қызметкері Гүлнар Бекбердинова.

Қымыз тойына жиналған жұрт әуезді ән, күмбірлі күй тыңдап, саба толы қымызды сапырып ішті.  

– Бұл мереке тыныштық пен береке-бірілктің бір дәлелі деуге болады. Қазақ ел ішінде береке, ел шетінде тыныштық болған замандарда осылай қымызмұрындық сияқты дәстүрлерді өткізіп, жайлауға биесін байлап сары қымызын сапырып ішкен болатын. Қазір де сондай заманның куәсі болып отырмыз. Осындай салтымызды сақтап, дәстүрімізді дәріптейтін іс-шаралар легі көп болсын, – дейді қала тұрғыны Амангелді Шәкәрімұлы.

Осылай Қасым Қайсенова саябағына жиналған жұрт салқын қымызбен шөл басып, баба дәстүрдің ерекшеліктеріне куә болып қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив