Тарбағатайлықтар су үнемдеу технологиясын қолдана бастады
Фото: kbrria.ru
Егістік алқабында суды үнемді пайдаланудың маңызы зор. Осыны ескерген тарбағатайлықтар су үнемдеу технологиясының тиімділігін көру үшін жаңбырлатып суару құрылғыларын орнатып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл Тарбағатай ауданындағы «Қызылбұлақ» АӨК 250 гектар суармалы жерге жаңбырлатып суару құрылғыларын орнатпақ.
– Су үнемдеу технологияларын қолдануға арналған жер телімдері конкурсқа шығып, 2024 жылы «Қызылбұлақ» АӨК 250 гектар суармалы жерге жаңбырлатып суару құрылғыларын орнату бойынша бизнес жоспарларын ұсынып, жеңіпмпаз атанған болатын. Бүгінгі таңда кооператив жер телімін алып, құжаттарын рәсімдеп, тереңдігі 100 метр, диаметрі 32,5 см болатын құдықтар қазуды бастады. Ауданымызда аталған технология құрылғысын қолдану үшін тағы да бірнеше шаруа қожалығы құдық қаздыруға ниет білдіріп отыр, – дейді Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев.
Биыл «Қызылбұлақ» кооперативі жоңышқа және бидай екпек. Олар 1 гектар жерден 20 центнер өнім алатын болса, 100 гектар жерден 200 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Осылай жаңбырлатып суару әдісіні пайдалана отырып, белгіленген аумақтан мол өнім алмақ.
Оқи отырыңыз