KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Қазақстанда биылдан бастап 20 су қоймасы салынады

pexels.com

3.02.2024, 09:00 260 Назерке Каримова

Елдегі 15 су қоймасы мен ирригациялық каналдар, гидротехникалық құрылыстар жөнделіп, жаңғыртылады.

Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ол еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайтуды көздейді. Бұ мақсатта 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту бойынша бірқатар шұғыл шаралар қарастырылған.

- Тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. - Сондай-ақ, қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға арттырып, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниеттіміз.


Фермерлерді су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс басталды. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бағалауы бойынша бұл шара шамамен 2,1 текше шақырым суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің өнімділігін 1,5-2,0 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда су объектілерін, гидротехникалық құрылыстарды, су бассейндері мен аумақтарын, гидропосттарды және т.б. бейнелейтін бірыңғай су кадастры қалыптастырылатын hydro.gov.kz цифрлық платформасын құру бойынша жұмыстар аяқталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу