Орта білім туралы аттестатты Egov Mobile арқылы алуға болады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім беру туралы аттестатпен толықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, енді орта білім туралы аттестатты eGovMobile қолданбасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде алуға болады.
«Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile қолданбасындағы «Bilim» сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», – дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Айта кетсек, бір жыл бұрын қолданбада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастаған болатын.