Өскеменде ашық аспан астына екі фортепиано қойылмақ
Фото: depositphotos.com
Өскеменде ашық аспан астына екі фортепиано қою жоспарланып отыр.
Музыкалық аспаптар Арбат пен республика алаңына орнатылуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемендік кәсіпкер қала әкімі Жақсылық Омардың қабылдауында болып, облыс орталығына екі фортепиано орнатуды ұсынып, оған арнайы жер беруін сұрады.
Шаһар басшысы бұл идеяны жоғары бағалап, кәсіпкерге музыкалық аспапты тасымалдауға және оны жауын-шашыннан қорғайтын шатыр орнатуға қол үшін беретінін айтты.
Оқи отырыңыз