KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 2 м/с, З
477.03 521.44 5.43

Ана мен бала орталығында өрт сөндіру жаттығулары өтті

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД
24.06.2024, 09:30 54 Айжанат Бақытқызы

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан үшінші қабаттағы тұрмыстық үй-жайларда шартты түрде жиһаз бен төсек-орын жанып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, медициналық персонал «101» қызметіне өрт туралы хабар берген соң, құтқарушылар шұғыл түрде науқастарды эвакуациялауды бастайды. Кезекші электрик бас ғимараттағы электр қуатын ажыратады. 

Өрт сөндірушілер отпен күресіп, түтінді бөлмеде қалған екі дәрігерді құтқару маскаларының көмегімен эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшейтілген әрекеттерімен жалын дер кезінде ауыздықталды.

-              Ауруханалар мен басқа да емдеу мекемелеріндегі өрт жағдайлары күрделі және өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі көбінесе өздігінен қозғала алмайтын адамдар көп болады. Сонымен қатар жану кезінде улы заттар бөлінуі мүмкін. Оқу-жаттығу барысында дайындық дәрежесі тексеріліп, өрт шыққан кезде аурухана әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің іс - әрекеттері пысықталды, медициналық мекемелерде өрттер мен олардың салдарын жою бойынша жеке құрамның жаттығулары өткізілді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив