KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО ТЖД ауруханадағы өртті сөндіру жұмыстарын пысықтады

ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД
22.06.2024, 14:00 104 Назерке Каримова

Өскемендегі Ана мен бала орталығында шартты түрде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаттығу жұмыстарының сценариі бойынша, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан медициналық мекеменің үшінші қабатында өрт шығып, жиһаз, төсек-орын жанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД бойынша.

Медициналық персонал өрт туралы "101" қызметіне хабар беріп, науқастарды эвакуациялауды бастайды. Өрт орнына ШҚО ТЖД күштері мен құралдары келді. Кезекші электрик бас ғимаратты электр қуатынан ажыратты.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп әрі бір уақытта дәрігерлерді эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшейтілген әрекеттері нәтижесінде жалын уақтылы ауыздықталды. Өрт сөндірілді.

- Ауруханалар мен басқа да емдеу мекемелеріндегі өртті сөндіру күрделі жұмыс. Көбінесе өздігінен қозғала алмайтын адамдардың көп болуынан жұмыстар қиындай түседі. Сонымен қатар, өрт кезінде улы заттардың бөлінуі мүмкін. Қаладағы медициналық мекемелердің бірінде өрттер мен олардың салдарын жою бойынша жеке құрамның жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығу барысында дайындық дәрежесі тексеріліп, өрт шыққан кезде аурухана әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.


   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив