KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру фактілері анықталды

Фото: ШҚО прокуратурасы

25.06.2024, 17:44 292 Анель Слямғазықызы

Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу кезінде қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Тінту кезінде кеншілерден 4 металл іздегіш тәркіленді. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру себебінен қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды, - делінген ШҚО Прокуратура органдарының хабарламасында.

Аталған заң бұзушылық бойынша іс полицияға жіберілді. Полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу