KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Өскеменде жер қойнауын заңсыз пайдалану жиіледі

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 10:08 381

Өскемен қаласында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар көбейген.

Қалалық прокуратура ұсынған мәліметке сүйенсек, Өскеменде жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайлары тым жиілеп кеткен, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Осындай заңсыз әрекеттер қоршаған ортаға және мемлекет экономикасына үлкен зиян келтіріп жатыр. Сондықтан прокуратура қызметкерлері арнайы рейдтер жүргізді. Соның барысында жер қойнауы заңсыз пайдаланылған 5 орын анықталды. Атап айтқанда, әуежай аумағында, Понтон көпірінің жанындағы саяжай массивтерінде, Жібек маталар комбинатының жанындағы жаңа құрылыстарда, Ново-Явленка және Согра кенттерінде", делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда заң бұзғандардың 3 ауыр жүк көлігі полицияның арнайы тұрағына қойылған. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді.

  "Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жалғаса бермек. Сонымен қатар неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін жұртшылықтың тыс қалмауын сұраймыз. Қала тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстаным танытып, жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар туралы ақпарат болған жағдайда прокуратураның сенім телефонына 8 (7232)-75-86-40 нөмірі арқылы хабарласуға шақырамыз", делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу