KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Экономист - ғалымды мерейтойымен құттықтады

26.06.2024, 10:15 97 Жанаргүл Мұқатай

ШҚТУ дың ғылыми кеңесі университеттің Г1 корпусына   осы университеттің бұрыңғы ректоры, профессор, академик Ю. В. Баталовтың атын берді. Заманында қабырғасынан тапшы деген талай білікті маманды түлетіп ұшырған Өскемен құрылыс - жол институтының (СДИ) атын әйгілеуге Баталовтай басшының  қосқан үлесі  көп.

ШҚТУ да  Юрий Баталовтың 85 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Юрий Баталов - 1986 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының ректоры қызметіне кірісіп, 2000 жылға дейін осы университетті басқарды. Білікті ректордың арқасында ШҚТУ Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Құрылыс инженері мамандығын меңгерген студент Юрий Баталов,  осы ЖОО да  оқытушы, одан әрі факультет деканы, проректор және Өскемен құрылыс-жол институтының ректоры, кейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректоры қызметін атқарды.

50 жылдан астам уақыт бойы еліміз үшін инженерлік кадрларды даярлау жолында қызмет еткен университеттің құрметті ардагері Ю.В. Баталов  85 жасқа толды.

Юрий Васильевичтің ел алдындағы еңбегі көптеген наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды, олардың арасында «Қазақстанның білім беру үздігі» Құрмет белгісі, «Астана» Естелік медалі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы, ҚР Білім Министрлігінің грамоталары, Қазақстан Республикасы кәсіподақ ОК және Кәсіподақ федерациясының Құрмет грамоталары, «Еңбек ардагері» медалі, Қазақстан Республикасының Президенті мен Білім Министрлігінің алғыс хаты. Оның есімі  «ХХ ғасырдың көрнекті тұлғалары», «Қазақстан элитасы» және «Шығыс Қазақстан элитасы» кітаптарына енген.

Мерейтой күні Юрий Васильевичті шәкірттері, әріптестері, бұрынғы студенттері, достары құттықтауға келді. Мерейтой иесіне құттықтау хаттары  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтан келді. Оның әріптесі, сондай-ақ ШҚТУ-дың бұрынғы ректоры, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі Нұрлан Темірбеков Юрий Баталовқа «Ұлттық инженерлік академия» медалін табыс етті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Америка Еркін университетінің Президенті Ережеп Мәмбетқазиев пен С. Аманжолов атындағы ШҚУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Әлімбеков мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Юрий Васильевичтің шәкірттері атынан «Восток молоко» корпорациясының директоры Сейлжан Сайлаубаев, сондай-ақ ШҚТУ Бизнес мектебінің өкілдері құттықтады.

Университетте жұмыс істеген көптеген жылдар ішінде Юрий Васильевич университеттің басшысы ғана емес, сонымен бірге оқу орнында өзінің  мықты командасын құра алды.

ШҚТУ Ғылыми кеңесі университеттің Г1 корпусына Еңбегі еленген ардагер Ю. В. Баталовтың атын берді.  Оның өмірбаяны, өмірінің маңызды сәттері, сондай-ақ сұхбатқа сілтеме жасалған QR коды  Баталов корпусының екінші қабатының қабырғасында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив