KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Ермек Көшербаев: «ШҚО үшін Қытаймен қарым-қатынасты дамыту маңызды»

27.06.2024, 09:42 321 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы көптеген салаларда табысты ынтымақтасып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында ашылған ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы әлеуетті серіктестермен бірнеше іскерлік келіссөз жүргізді.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев атап өткендей, шекара маңындағы өңірлерде ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалған.

– Форум ЭКСПО аясында өтіп жатыр. Мұнда түрлі елдерден келген қонақтар көп, бірақ Қытай Орталық Азия мемлекеттерімен, оның ішінде ең ұзын шекарасы бар Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса назар аударуда. Шығыс Қазақстан үшін шекаралас аймақ ретінде Қытаймен өзара қарым-қатынасты дамыту ерекше маңызды. Қазір Майқапшағай – Жеменей өткелі жаңартылып жатыр, ол арқылы 500-ге дейін жүк көлігі өтеді. Қазақстан мен Қытай азаматтарының визасыз сапарлары туралы мәселенің шешілуі, сондай-ақ ҚХР-да жарияланған қазақстандық туризм жылы шетелдік туристер санының артуына ықпал етіп отыр, – деді өңір басшысы.

Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, яғни қонақ үйлер, кемпингтер, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары ашылып, қонақтарға арналған бос уақыт өткізу шаралары ұйымдастырылады. Жалпы, өңірдің ыңғайлы орналасуы ескеріле отырып, Шығыс Қазақстанда экономиканы әртараптандыру саясаты жалғасатын болады. Осыған сәйкес қытайлық серіктестер өз нарықтарын және мүмкіндіктерді ұсынуға дайын.

 

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу