KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ЭКСПО – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дәнекері

26.06.2024, 19:55 114

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесі ашылды. Көрмеге қатысқан 50 мемлекеттің қатарында Қазақстан да өз өнімдерін ЭКСПО қонақтарының назарына ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Елуден астам ел назарына ұсынылған ЭКСПО көрмесіне арнайы барған Шығыс Қазақстан облысының делегациясының өкілдері шараның ұйымдастырылу барысына тәнті болып, көрменің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық дәнекері болатынын атап өтті.

– Қай уақатты болмасын осындай ауқымды іс-шаралар бизнесті дамытуға, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа серіктестер табуға, келісімшарттар жасасуға үлкен мүмкіндік береді. Бүгін біздің компания өсімдік майын жеткізу бойынша қытайлық әріптестермен келісімшарт жасасты. Бұл келісімшарт болашақта өндірісті ұлғайтуға, өндірілетін өнім көлемін болжауға, оны арықарай дамытуға үлкен мүмкіндік береді, – дейді «ВостокЭкоЛайн» директорының орынбасары Михаил Чувашов.

Осылай ЭКСПО аясында екі елдің бизес саласының байланысы артып, тиімді келісімшарттарға қол қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив