Шешек асуындағы бастаудан су ішуге бола ма?
Фото: Ерболат Шадрахов
Өскеменде тұрғындар су алып ішетін бастаулар бар. Соның ішінде Шешек асуындағы бастауға адамдар жиі барады. Халық бұлақты табиғи су көзі деп санағанымен, мамандар кей кездері құрамына бөгде зат түсіп ластануы мүмкін деп жатады.
Жуықта облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Шешек асуындағы бастаудан сынама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Табиғи судың дәмін ұнатып, Шешек асуына баратын халықтың қарасы мол. Дегенмен кейінгі кездері бастау суынан құрт шықты, құрамы қаншалықты таза деген сауалмен редакциямызға бірнеше оқырман хабарласты. Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгінген едік. Біз хабарласқан уақытта басқарма қызметкерлері сынама алуға кіріскен екен. Бастау маңына барғанымызда су алып жатқан көпшілік қорытынды күтетіндерін айтып жатты.
Анықталғандай, бастау суының құрамы таза. Адам ағзасына тигізер зияны жоқ.
Балауса Мэлсқызы