KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 5 м/с, С
473.95 513.38 5.5

Зайсан ауданында заманауи спорт алаңы салынып жатыр

10.07.2024, 15:03 104 Қызырбек Дүргінбайұлы

Соңғы кездері аудан орталықтары мен ауылдарда спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Мәселен, қазір  Зайсан ауданында заманауи талаптарға сай спорт алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бірнеше бөліктен тұратын әмбебап спорт алаңының аумағы – 1,6 мың шаршы метр.

«Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорымен бірге қаржыландырды. Спорт алаңының жалпы ауданы 1,6 мың шаршы метр, оның ішінде 40x20 метрлік футбол алаңы, 24x16 метрлік баскетбол-волейбол алаңы бар. Сондай-ақ 16x16 метрлік воркаут аймағы да болады», - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімдігінің өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив