KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шекара маңындағы қос ауданда спорт алаңы салынады - ШҚО

14.03.2024, 09:28 92 Оразай Жеңісұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен шекара маңындағы Катонқарағай және Зайсан аудандарында спорт алаңын салады.

Белгілі компания бұл жобаны Наурыз мейрамы қарсаңындағы игі істер марафоны аясында бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әрбір спорт алаңының ауданы – 1,7 мың шаршы метр. Футбол және баскетбол алаңдарына жасанды көгал төселеді.  Сондай-ақ воркаутпен шұғылдануға арналған алаң да жабдықталады. Мұндай спорттық нысан шекара маңындағы қос ауданда бұрын соңды болмағанын айта кеткен жөн.
Спорт алаңдары 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қайырымдылық марафоны аясында Абай облысындағы өңірлік әмбебап кітапханада заманауи қоғамдық кеңістік ашып, зағип жандарға арналған кітапханаға Брайль шрифті басылған қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға арналған жабдық тарту етпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив