KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2,1 м/с, ОШ
465.28 499.2 5.33

Зайсан қаласында заманауи спорт алаңы салынады

Зайсан ауданы әкімдігінен

19.05.2024, 09:00 105 Назерке Каримова

Құрылыс жұмыстары басталды, 2024 жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі.

Мұнда футбол, баскетбол және волейбол, воркаут алаңдары болады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Бұл жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қоры жүзеге асырады.

- Спорт алаңының жалпы ауданы 1,6 мың шаршы метрді құрайды. Бұл алаңда жасанды көгалмен жабдықталған 40х20 метрлік футбол алаңы, 24х16 метрлік баскетбол-волейбол алаңы, сондай-ақ 16х16 метрлік воркаут аймағы салынады. Бүгінгі күні спорт алаңының құрылысы басталды, жоспар бойынша, ол 2024 жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив